2018 жылдың желтоқсан айында біздің базамызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу өтті, онда Премьер-Министр жұмысшы кадрларды даярлау деңгейімен танысты, сондай-ақ осы мәселе бойынша кеңес өткізді.
Кездесу барысында Премьер-Министр «ғимараттар мен үймәреттердің құрылысы» мамандығы бойынша теориялық оқыту кабинетімен және біздің колледждің базасында орналасқан Кнауф ресурстық орталығымен танысты. Кеңеске ҚР Білім және ғылым министрі, Алматы қаласы Білім басқармасының басшылық құрамы, Алматы қаласы колледждерінің директорлары, колледждің әлеуметтік серіктестері, Алматы қаласы Атамекен ҰКП өкілдері қатысты.
Кездесу барысында техникалық мамандықтардың кәсіби кадрларын даярлаудың, цифрландыруды дамытудың, колледждердің беделін арттыруды ескере отырып, қызметкерлерді қайта оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ еңбек нарығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды. Кездесуге қатысушылар ел экономикасын дамыту үшін жаңа зауыттар құрылысы және инвестиция тартумен қатар, білікті кадрлар дайындау қажеттігін атап өтті. Біздің колледж әлемдегі құрылыс материалдарының ең ірі өндірушілері КНАУФ халықаралық компаниясымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. КНАУФ ресурстық орталығы колледж базасында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Студенттерді ресурстық орталықта оқыту біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Тұрғын үй, кеңсе және коттедждер құрылысының қарқыны өсіп келе жатқандықтан, еуро жөндеу және үй-жайларды сапалы әрлеу саласындағы мамандар құрылыс нарығында әрқашан сұранысқа ие. Студенттер өз пәтерін немесе үйлерін жөндеу, қабырғалары мен төбелерін сапалы туралау, сондай-ақ мамандық бойынша кәсіби жұмыспен айналысу, өз ісін ашу үшін алған білімдерін қолдана алады. Ресурстық орталықтың тыңдаушылары қажетті теориялық білім мен жоғары сапалы құрылыс материалдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын ала алады. КНАУФ базасында өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары біліктілігін арттыра алатын қысқа мерзімді курстар жүргізілуде. Біздің колледждің базасында КНАУФ технологиялары бойынша құзыреттілік орталық ашу жоспарланып отыр.