• Колледждің тарихы

           Алматы құрылыс-техникалық колледжі Кеңес Үкіметінің Министрінің бұйрығымен 1969 жылы құрылды. Қазақ КСР-інің 12 тамыздағы 1969 жылғы N 823-Р үшін жұмысшы кадрларды даярлаудың Алматы үй құрылыс комбинаты Министрлігінің құрылыс кәсіпорындарының ауыр индустрия мекемесі құрылды. Бастапқыда ол ҚКТУ-41 деп аталды (Қалалық кәсіптік техникалық училище), кейін атауы бірнеше рет өзгерді (АКТУ-13, КТМ-10, КМ-10). 

           Атауының өзгергеніне қарамастан колледж өзінің бастапқы мақсаты — құрылыс саласындағы жұмысшы кадрларын даярлау бағытын сақтап қалды. Сонымен қатар қоғамдағы тоқырау жылдары колледж ауыр кезеңді басынан өткізді. 90-шы жылдардың ортасында оқушылардың контингенті төмендеп шамамен 470 адам ғана оқыды. Оқу процесі кезінде кадрлардың басқа салаларға кетуі, әсіресе өндірістік оқыту шеберлерінің сауда және күн көрістің басқа да жолдарын іздеп жұмыс орындарын босатуға мәжбүр болғаны сонымен қатар жалпы елімізде құрылыстың азайғаны колледждің әрі қарай жұмыс істеуіне де кері әсерін тигізді. Осындай күрт өзгерістерден кейін колледжді сақтап қалу жолында профильді өзгерту және жаңғырту бағыттары қарастырылды. Инженерлік-педагогикалық ұжымның өз бағытын сақтауға мамандар керек болды. 1998 жылдан бастап колледж 12 сала бойынша халықаралық жобалар негізінде ұйымдастырылған байқауларға қатыса бастады .Сонымен қатар кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру, әлеуметтік серіктестік, жеке бизнесті ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылды. 

×