• Колледждің жетістіктері.

           Біздің колледж Еуропалық білім беру қоры ННЦ, TASIS, ЮНЕСКО, МАСП ұйымдастыруымен халықаралық жобаларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру, әлеуметтік серіктестік, жеке бизнесті ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру, құрастыру, мемлекеттік стандарт, бизнес жоспар сынды 12 саласы бойынша жүргізілген Индустиялық даму жобасының қатысушысы болды.

           АҚТК базасында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен көптеген семинарлар, курстар, дәрістер өткізілді. Колледж қызметкерлері Германия, Швеция, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Франция, Чехия елдердерінде біліктіліктерін көтерді. Осы шаралардың арқасында біздің қызметкерлер(ұстаздар мен шеберхана жетекшілері) өз жұмысына деген көзқарасын өзгертіп жаңа инновациялық технологияларды үйренді.

           Колледж түлектері сұранысқа ие болу үшін басты әдіс ретінде әлеуметтік серіктестік таңдалды, себебі жұмыс беруші ғана түлектердің еңбек жолына дайындық деңгейін толыққанды бағалай алады.

           1999 жылдан бастап қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік құрылым және БАҚ өкілдері дөңгелек үстел өткізуді дәстүрге айналдырды. Осының нәтижесінде әлеуметті серіктестер колледж өміріне белсене қатыса бастады, студенттерді жұмысқа орналастыру, іс-тәжірибеден өту проблемалары шешіле бастады. Ал біздің серіктестер материалды-техникалық базаның нығайтылуына әрдайым атсалысуға дайын екендіктерін дәлелдеді.

    1. Оқу кезінде шәкіртақы(стипендия) беріледі және студенттердің тегін тамақтануы қарастырылған.

    2. Түлектерге АҚТК мемлекеттік үлгідегі дипломдар мен Алматы қаласында жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі

    3. Колледжде 3 ай мерзімге дейін барлық мамандықтар бойынша: құрылыс, автокөлік, электротехникалық бағыттары бойынша курстық даярлау және біліктілігін арттыру жүргізіледі.

    Студенттеріміз Қазақстанда және шет елдерде өтіп жатқан маңызы зор байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып келуде. Оған дәлел:

    √ 2006 жылы Астана қаласында өткен «Үздік дәнекерлеуші» Республикалық конкурсында гран-при иегері Құрбанов Абликим.

    √ 2009 жылға Атырауда өткен «Үздік газ-электрмен дәнекерлеуші» конкурсында гран-при иегері Юрпольский Юрий.

    √ 2009 жылы Германияның Шверин қаласында өткен «Үздік лектргазбен дәнекерлеуші» халықаралық байқауының жүлдегері Юрпольский Юрий.

    √ 2009 жылы Ресейдің Новокузнецк қаласында өткен «Құрғақ әдіс бойынша құрылыс» халықаралық конкурсында 3-ші орын иегерлері Лесогоров Алексей мен Даурцев Станислав.

    √ 2010 жылы «Автомеханик мамандығы бойынша » қалалық сайыста 3-ші орын иегері Дюсипханов Талғат.

    √ 2011 жылы Алматыда өткен Орта-Азия елдерінің арасында(аймақ бойынша) «Құрғақ әдіс мамандығы бойынша құрылыс маманы» атты конкурстың 2-ші орын иегерлері Тоқанов Вадим мен Жетенабай Айзат.

    √ 2012 жылы Астана қаласында өткен Орта-Азия елдерінің арасында(аймақ бойынша) «Құрғақ әдіс мамандығы бойынша құрылыс маманы» атты конкурстың 3-ші орын иегерлері Асхатбек Данияр мен Ернар Алданыштегі.

    √ 2013 жылы Алматыда өткен Орта-Азия елдерінің арасында(аймақ бойынша) «Құрғақ әдіс мамандығы бойынша құрылыс маманы» атты конкурстың 1-ші орын иегерлері Әшім Балжан мен Жаналиев Ахатали.

×