• 1)Материалдық техникалық базасы

    Колледж ең заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген: 2 қабатты типтік оқу корпусы бар; 32 оқу кабинеті, оның ішінде 4 кабинет жалпы білім беру пәндері бойынша толық компьютерлік техникамен және интерактивті құралмен жабдықталған ; 8 оқу-өндірістік шеберханалар бар. Барлық шеберханалар жаңа құрал-саймандармен,арнайы киіммен,қол және электр жабдықтармен,материалдармен , оқу-көрнекі құралдармен қажетті өндірістік оқыту тізбегімен қамтамасыз етілген.


    2)Шәкіртақымен мен тамақтану

    ҚР 7 сәуір 2008 жылғы №116 « Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы тағайындау төлеу ережесін бекіту», 28 ақпан 2012 жылғы №266, Алматы құрылыс-техникалық колледжінде 2013-2014 оқу жылынан бастап емтиханды жақсы тапсырған студеттерге шәкіртақы төленді.Колледж студенттері әлеуметтік көмек ,ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі


    3)Алматы құрылыс – техникалық колледжінің студенттерінің өндірістік тәжірибе және жұмысқа орналастырылуы туралы мәлімет:

    «Алматы құрылыс-техникалық колледжі»- еңбек сыйымдылығының көлемділігіне қарамастан кәсіптік -техникалық бағытта жұмысшы кадрларды дайындайды,санитарлы-техникалық жүйені жабдықтау құрылыс өңдеу жұмысының шебері.Сылақшы,әрлеуші газэлектрдәнекерлеуші жарықтандыру жүйелерін монтаждаушы .Қазіргі уақытта колледж түлектері жұмысқа 100 пайыз орналасады.Мынандай жұмыс бағыттары септігін тигізеді:
    1. Кадрлар даярлаудың сапасы
    2. Инженерлік – педагогикалық ұжымның жоғары деңгейдегі дайындығы
    3. Кәсіби даярлауда әлеуметтік әріптестердің қатысуы, кәсіби даярлау, оның ішінде шетелдік серіктестер:

    Кадрлардың анықтау қажеттілігі (қандай, қанша)
    Бірлесіп жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестермен колледж базасында 3 Ресурстық орталық құрылды, оның ішінде 2 орталық шетелдік серіктестер қаржысына ұйымдастырылды 
    Каркасты қаптау құрылғысын монтаждау «Кнауф Гипс Қапшағай»мен бірлесіп ұйымдастырылды
    Bosch неміс компаниясымен бірлесіп Bosch электр-құралдар ресурстық орталығы ашылды Жұмысқа орналастыру және тәжірбие базасын анықтау
    4. Жабдықтаудың жоғары деңгейін оның оқу – материалдық базасын колледжде жаңарту
    5. Республикалық және халықаралық кәсіби байқаулар, мастер-класс және семинарлар,оқу орындарының жетекшілеріне арналған конференциялар,өндірістік –оқыту шеберлері мен ,арнайы пән оқытушыларына семинарлар ұйымдастырылады. Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру келісім-шарты 27 ірі құрылыс компаниялармен, энергетика, көлік, коммуникация салалары сияқты ЖШС «Алматы жиһаз фабрикасы», «СК Базис-А» ЖШС, «УПК Казэлектромонтаж» АҚ, «Белкамит» БК «АҚ,» Ырысты-АЭВРЗ» ЖК «Довгонюк», «ЖК Турсунова А. Н.», ЖШС «НурСтройСервис» ЖШС, «Нұр-АсылGroup» ЖШС, «Жанкел», «ЖК Саидова» ЖШС, «Apple city Warehous» ЖШС, «Adis and Elicon — 6″, Алматыэлектротранс» КМК «ЖШС, AriSViVenti», ПФ Электросервис т.б.

×