• Бізге 50 жыл

    Атауының өзгергеніне қарамастан колледж өзінің бастапқы мақсаты — құрылыс саласындағы жұмысшы кадрларын даярлау бағытын сақтап қалды. Сонымен қатар қоғамдағы тоқырау жылдары колледж ауыр кезеңді басынан өткізді. 90-шы жылдардың ортасында оқушылардың контингенті төмендеп шамамен 470 адам ғана оқыды. Оқу процесі кезінде кадрлардың басқа салаларға кетуі, әсіресе өндірістік оқыту шеберлерінің сауда және күн көрістің басқа да жолдарын іздеп жұмыс орындарын босатуға мәжбүр болғаны сонымен қатар жалпы елімізде құрылыстың азайғаны колледждің әрі қарай жұмыс істеуіне де кері әсерін тигізді. Осындай күрт өзгерістерден кейін колледжді сақтап қалу жолында профильді өзгерту және жаңғырту бағыттары қарастырылды. Инженерлік-педагогикалық ұжымның өз бағытын сақтауға мамандар керек болды. 1998 жылдан бастап колледж 12сала бойынша халықаралық жобалар негізінде ұйымдастырылған байқауларға қатыса бастады .Сонымен қатар кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру, әлеуметтік әріптестік, жеке бизнесті ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру мәселелері қарастырылды.

×