Алматы құрылыс-техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай сағат өткізілді

жалғасы

2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қаласы Білім, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалары бірлесе отырып, Алматы құрылыс-техникалық колледжі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында бірыңғай сағат өткізіліп, 28 топ, 700 дей студентті қамтыды. Бірыңғай сағатта Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі міндеттері мен бағыттары және ережелері жан-жақты түсіндіріліп, академиялық адалдық қағидаттары мен білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мәселелер талқыланды.
Бірыңғай сағат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына 20 жылдығы арналып, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын белсендету, креативті ойлайтын, білімді, өз ойларын еркін жеткізе алатын, бұл мәселеге қатысты берік азаматтық ұстанымдары бар патриоттарды тәрбиелеу бойынша ақпаратты қамтыды. Сонымен қатар, студенттер тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында ғылыми баяндамалар жасалып, сурет көрмелері, стендтер және флешмобтар ұйымдастырылды. Бірыңғай сағатқа қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңдардың негізгі ережелері жөнінде ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, пікір алысты.

1-ші мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1-ші мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, жалғасы

береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Сондай шерулердің бірі 1-ші мамырда «Family» саябағында «Достық» атты бір шаңырақ астында шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді.

«Ұлт-азаттық қозғалысқа 30-жыл»

Алматы құрылыс – техникалық колледжінде «Ұлт-азаттық қозғалысқа 30-жылға» байланысты жарыс өткізілді. жалғасы

1 және 2 курс студенттерден 12 команда қатысты. Жарыстың ашылу шеруінде «Нұр Отан» партия өкілдері болды. Жарыс үш кезеңде өтті: баскетбол добын жүргізу, скакалкадан секіру, қаппен секіру.
Жарысты өткізудің нәтижесі бойынша келесі қорытынды шығарылды:
Топтың №
55 – 4,48 сек
63 – 5,03 сек
69 – 4,28 сек (1 орын)
76 – 4,42 сек (2 орын)
72 – 5,13 сек
61 – 5,14 сек
67 – алып тасталды
71 – 4,45 сек
80 – 4,44 сек (3 орын)
75 – 4, 50 сек
65 – 5,17 сек
79 – 4,33 сек.
Жүлделі орын алған командалар грамотамен марапатталды.

Армысың, Әз Наурыз!

Алматы құрылыс техникалық колледжінде 8 сәуір 2016 жылы Наурыз мейрамы өткізілді. жалғасы

Қазақстанда көп ұлттар тұрады, наурыз - ол бүкіл ұлтқа ортақ мейрам болғандықтан, олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, көркем көріністерін, ұлттық киімдері мен тағамдарын көрсету үшін әр топ жеребе тастау арқылы өз ұлттық орталықтарын таңдады. Студенттер қуана ұлттық киімдерді киіп, ұлтық тағамдар дайындап, таңдалған ұлттың тарихы мен салтын айтып, соңында көркем көрініс көрсетті. Қазылар алқасына қиын міндет түсті – жеңімпазды таңдау, үйткені барлығы мейрамға өте жақсы дайындалды. Қатысушыларға алғыс хаттар берілді, ал жеңімпаздарға - сыйлықтар. Студенттер әр-түрлі ұлттардың мәдениетімен танысты: орыс, татар, грек, өзбек, неміс, ұйғыр, тәжік, әзірбайжаан, түрік және т.б.

Қалалық суреттер байқауы

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ықыласымен Алматы қаласының 1000-жылдығына арналған «Алматының өткені мен келешегі» атты қалалық суреттер байқауы өткізілді. жалғасы

Байқауға қаланың 30 колледжінен 65 студент қатысты. Іс-шара «Алматы» телеканалы мен «Алматыақшам» газетінің қатысуымен болды. Қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасында:
1. Әуезов ауданының әкімінің орынбасары Сайфеденов Сайран Төпенұлы
2. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жылкыбаева Ляззат Ауесханқызы
3. Әуезов ауданы бойынша сәулет пен қала құрылысы бөлімінің басшысы Рымжанов Бақыт Демешұлы.
4. ЖК «Жас Отан» Әуезов аудандық филиалының басшысы Ниязов Нұрсұлтан Бауыржанұлы болды.
Тақырыпқа сәйкес келетін, тақырыпты ашатын жұмыстар жоғары бағаланды. Қатысушылар суреттерінде әр-түрлі әдістер, сурет салу техникасы мен көптеген әсерлер қолданды. Әр жұмыс жеңіске лайықты болды. Әрбір студент тарихты білуін, туған қаласына деген сүйіспеншілігін көрсетті. Әуезов ауданының әкімінің орынбасары Сайфеденов Сайран Төпенұлы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жылкыбаева Ляззат Ауесханқызы, Әуезов ауданы бойынша сәулет пен қала құрылысы бөлімінің басшысы Рымжанов Бақыт Демешұлы қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі: «Барлық жұмыстар бізде қалады. Себебі біз өзіміздің ауданда келешекте көрме ұйымдастырамыз. Жарты жұмыстарды сату үйлеріне және мектептердің, жоғарғы оқу орындардың кітапханаларына жібереміз». Байқаудың соңында қатысушылар алғыс алды, ал жеңімпаздар ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтар алды. Барлық қатысушылар мен басшылар өткізілген іс-шарамен қанағаттанды.

«Аршын мал аланы» мюзиклі

6 наурыз 2016 жылы Алматы құрылыс техникалық колледжінің қызметкерлерімен, директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Рахметтулла Альфия Магзумовна, педагог-жантанушы Байсакова Айгерим Аликенқызы, әлеуметтік педагог Даулетбаева Лаура Сериковнамен № 56, 57, 65, 67 топ студенттері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына барды. жалғасы

«Аршын мал алан» қойылымына рухани эстетикалық тәрбие алу мақсатында ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылымдар арқылы өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу, олардың көркемдік талғамын, қиялын дамытты. Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттер кезінде сабырлыққа, мейрімділікке, даналыққа тәрбиелейді. Театр әрбір студентке қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлады.

Отбасы бақыты

2016 жылдың 1 сәуір күні "Отбасы бақыты" деген тақырыпқа арналып сынып сағаты өтті жалғасы

Тәрбие сағатының мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру; Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әлеуметтік педагог: Дәулетбаева Л.С Студенттерді отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отбасы бақыты» аталатын тәрбиелік шараға қош келдіңіздер! Құрметті Ұстаздар , Студенттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық! Ой қозғау: 1-оқушы Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. 2-оқушы Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 3-оқушы Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. 4-оқушы Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. 5-оқушы Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын.... Үлгілі отбасылар: Үлгілі отбасы ретінде орыс тілі жіне әдебиет пәнінің мұғалімі Валитова М.Т. және қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Касенова Мадина Аманқызы өздерінің отбасы мүшелерімен бірге жастарға бағдарлы бағыт сілтейді. Отбасы бақытының бағдарламасы (видео ролик) Ұстаз: Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады. Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты. Психолог тарапынан кеңес: Отбасы бақыт ағашы - тренинг Қорытынды: - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

«Техникалық және кәсіптік білімді»жаңғырту жобасында жергілікті ресурстық орталық ашылды

«Қазақстанда жастардың сапалы кәсіптік-техникалық білім алу үшін барлық жағдай жасау керек және ол арқылы олардың еңбек нарықта сәйкес бейімделуі - ең басты мәселе..»Н.Ә.Назарбаев жалғасы

Жұма күні, 25 наурыз 2016 жылы «Алматы құрылыс-техникалық колледжінде» кәсіпорындар үшін кадрларды заманауи жүйеде дайындау, қайта дайындау және біліктілікті жоғарылатуға бейімделген төртінші ресурстық орталықтың ресми ашылу рәсімі болды. Жоба толығымен ҚР Үкіметінің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді, жоғарғы білікті мамандарды экономикадағы қажеттілігін, жастардың келешекті және тұрақты жұмысқа қызығушылығын қанағаттандыруға бейімделген. Жобаның тұжырымы ТжКБ саласында реформа жүргізудегі көмекті ұйғарады. Дәстүрлі қызыл лентаны кесу құрметті құқығы Цзинь В.М. - Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы адамның даму капиталы бөлімінің басшысы, Усупов Г.М. – ЖШС «Белкамит» кадрлар бойынша директоры, Жылкыбаева Л.А. - Алматы қаласының Білім басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы, Искандаров О.Ф.- ЖШС «Спецвент» директоры және Алматы құрылыс – техникалық колледжінің директоры Нұрмұханбетов Ы.М. ұсынылды. Салтанатты қызыл лентаны кескеннен кейін, қонақтарға экскурсия ұйымдастырылды, ресурстық орталықтың шеберханаларында жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері және колледждің өндірістік оқыту шеберлерімен шеберлік сабағы көрсетілді.

Колледжде террорға қарсы линейка өткізілді

26.03.2016ж. оқушыларға арналған «Терроризмге қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және оқыту іс-шаралары» тақырыпқа линейка өткізілді. жалғасы

Оған студенттер, өндірістік оқыту шеберлері және оқытушылар қатысты. Линейка ақпарат беру және терроризмнің алдын алу мақсатымен өткізілді. Бірінші колледждің директоры Нурмуханбетов Ы.М. сөйледі, содан кейін АӘД оқытушысы Мухаметжанов Қ.Ж. баяндама оқыды. Баяндамада:
- жарылғыш зат табылғанда;
- телефонмен террорлық әрекет туралы хабарлама алғанда;
- жазбаша террорлық әрекет туралы хабарлама алғанда;
- тұтқынға алғанда және ұстағанда тәртіп ережесі;
- террорлық әрекет кезде қауіпсіз жерге көшіргенде;
- кім де кім террорлық әрекеттің куәгері болса (жарылыстың)
осындай әр – түрлі жағдайда қандай іс шаралар қолдану керектігі және жүру ережесі туралы толық түсіндірілді. Студенттердің қауіпсіздігін қамтамассыз ету және сақтау үшін күзету қызметі жұмыс істеп жатыр, видео бақылаудың телевизиялық жүйесі күзету қызметінің бөлмесінде орнатылған. Объектінің жағдайы, көпшілік жиналатын орындарда және ғимаратқа кіреберіс бақыланады.

Наурыз мейрамы!

Наурыз қазақ халқының ғана емес, көптеген Азия халықтарының ең басты мейрамы. жалғасы

Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Наурыз – көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғанның үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Наурыз 22 наурызда күн мен түннің теңескен кезде тойланады. Наурыз табиғаттың ұйқыдан оянатын кезі. Наурызға байланысты көптеген әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бар. Алматы қаласында 8 ауданда Наурыз мейрамы тойланады. Әуезов ауданы бойынша халықтық мерекенің негізгі іс шаралары Б.Момышұлы көшесінде оқу орындары киіз үй тігіп, алты бақан жасап, қазақтың ұлттық ойындарын, спорттық жарыстарын өткізіп, концерттік бағдарлама жүргізілді және ұлттық тағамдар әзірленді. Оқу орындар арасында ең күшті ұлттық орталық байқауы жүргізілді. Онда ұлттық киімдер, отралықтың безендіруі, көрме, көркем көрініс, ұжымның көпшілік қатынасқаны, ұлттық тағамдар бойынша біздің Алматы құрылыс – техникалық колледжі ең жоғарғы балл алып, Әуезов ауданының оқу орындары арасында 1-ші орынға иеленді.

«Алматы құрылыс – техникалық колледжінде» қалалық мерекелік іс-шара - Пауэрлифтинген Чемпионат өткізілді.

Спорт - мәдениеттің айқын бір түрі болып табылады. Күнделікті спортпен шұғылдану адамға пайдалы. жалғасы

Спорт – денсаулықты жақсартады, денені жақсы қалыпта ұстайды, ұйымшыл және тәртіпті етеді. Кейбір адамдар спортпен денсаулық үшін шұғылданса, кейбіреулері – кәсіби түрде спортпен айналысады, сондай-ақ біздің колледжде 14 ақпан 2016 жылы Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай қалалық мерекелік Пауэрлифтингтен Чемпионат өтті, осы Чемпионат біздің колледжде бірінші рет жүргізілді және оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Кубокқа жүлдеде қатысуға және Қазақстан Республикасының Пауэрлифтингтен Чемпионатта жеке-жеке жаттығуда қатысуға іріктеу жасалады. Салтанатты түрде Чемпионатты ашу үшін Алматы қаласының колледждер Ассациациясының Президенті Азизханов Жантлеу Нұршаұлы сөйледі. Содан кейін біздің колледждің директоры және «Нұр Отан» партиясының филиалының мүшесі Нұрмұханбетов Ысқақ Молдалімұлы сөйледі. Студенттер санынан және оқытушылардан көп көрермен жиналды. Өз топ студенттеріне жанкүйер болды. Чемпионаттың қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
1-ші орынды Тюленев Никита 68 топтың студенті және Оңғар Нұржігіт 59 топтың студенті алды,
2-ші орынды Грицаенко Рашид 64 топтың студенті алды,
3-ші орынды Самсонов Максим 66 топтың студенті алды.
Студенттер Чемпионатта алған өз жетістіктері үшін қуанды. Чемпионат жарыспен ғана шектелген жоқ, оқушылар қызықты адамдармен, тренерлермен және спорттық мектептің директорларымен танысты. Олармен көп қызықты әңгіме айтты, «спорт – ол тек қана кербездену, дененің жеңілдігі және әсем бейне емес, ол күнделікті еңбек» - деп түсіндірді олар. Сондай оптимистік түрде Алматы құрылыс – техникалық колледжінде спорттық демалыс өтті.

Директордың есеп беруі

Колледж директоры Нұрмұханбетов Ы.М. 2015 жылғы жүргізілген оқу-тәрбие жұмысы туралы және қаржы-шаруашылық істер жөніндегі есебі жалғасы

1. Нұрмұханбетов Ы.М. ең алғаш 2015 жылы атқарылған оқу –тәрбие жұмыстарына тоқталды. Бұл жерде қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық жағдайға тоқтала келе, болашақта жұмысқа орналасудың қиындауы мүмкін екендігіне, бір ғана мамандықтың аздық ететініне, әрбір студенттің өз мамандығының хас шебері болуы керектігіне тоқталды. Осы тұрғыда колледжде не істеліп жатқаны туралы (үш ресурсты орталық бар, жақында тағы біреуі ашылады, курстық оқу бар т.б.) қандай мүмкіндіктер бар екені айтылды. Мысалы: осы жерде оқи жүріп, біздің студенттер арзан бағамен қосымша мамандық ала алады немесе біліктілігін жоғарылатуына болады, өндірістік –практикалық оқыту кезінде белсенді болу керек және т.б.

2. Өкімет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек жайында (ақысыз ыстық тамақ, шәкіртақы, киім және т.б.), «Оңай» электрондық карта жайында айтылды. Колледждегі студенттердің саны туралы, үлгерім сапасы, алдағы оқу графигі туралы айтылды.

3. 2015 жылғы қаржы және шаруашылық жөнінде толық мағлұмат берілді. Соңынан ана-аналармен тікелей сұрақ жауап өткізілді:

АҚТК студенттер кеңесі


Тақырыбы: АҚТК студенттік өзін-өзі басқару және студенттер кеңесін құру жалғасы

Мақсаты:АҚТК студенттік өзін-өзі басқару және студенттер кеңесін құру. Белсенді студенттерге негізгі бағыт беру.
Күн тәртібі:
1. Студенттердің өзін-өзі басқару және студенттер кеңесінің ережесімен танысу.
2. Топтардың басшыларын жұмыстың барысымен және міндетімен таныстыру.
3. Колледждің президенттеріне дауыс беру және тандау.
Бірінші сұрақпен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Рахметулла А.М. сөйледі - Осы кеңестің негізгі бағыттары мен мақсаттарымен таныстырды.
Екінші сұрақпен арнайы пән оқытушысы Жумагулова Ж.Р. сөйледі - Студенттік кеңестің ережесін айтты, топтардың басшылары туралы барлығына ақпарат таратты.
Үшінші сұрақпен арнайы пән оқытушысы Муналбаева Н.Р. сөйледі - Бейнені талқылады – шетел студенттерінің жобасы мен тәжірибесін. Және дауыс беруді өткізді.
Үміткерлер:
- 1. Қызайбай Диас – 71 топ
- 2. Никонова Виолетта – 80 топ
- 3. Мамыт Жансая – 65 топ
- 4. Аскар Жанылсын – 65 топ

 


Колледж туралы бейнеролик

Шығарылатын өнім


Бізбен байланыс

Мекен жайымыз:
Алматы қ,Саин көш.32
Тел: 8(727)2301852,2301765
Факс:8(727)2301727
Индекс: 050062
E-mail: ps_10almaty@mail.ru