1)Материалдық техникалық базасы

Колледж ең заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген: 2 қабатты типтік оқу корпусы бар; 32 оқу кабинеті, оның ішінде 4 кабинет жалпы білім беру пәндері бойынша толық компьютерлік техникамен және интерактивті құралмен жабдықталған ; 8 оқу-өндірістік шеберханалар бар. Барлық шеберханалар жаңа құрал-саймандармен,арнайы киіммен,қол және электр жабдықтармен,материалдармен , оқу-көрнекі құралдармен қажетті өндірістік оқыту тізбегімен қамтамасыз етілген.


2)Шәкіртақымен мен тамақтану

ҚР 7 сәуір 2008 жылғы №116 « Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы тағайындау төлеу ережесін бекіту», 28 ақпан 2012 жылғы №266, Алматы құрылыс-техникалық колледжінде 2013-2014 оқу жылынан бастап емтиханды жақсы тапсырған студеттерге шәкіртақы төленді.Колледж студенттері әлеуметтік көмек ,ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі


3)Алматы құрылыс – техникалық колледжінің студенттерінің өндірістік тәжірибе және жұмысқа орналастырылуы туралы мәлімет:

"Алматы құрылыс-техникалық колледжі"- еңбек сыйымдылығының көлемділігіне қарамастан кәсіптік -техникалық бағытта жұмысшы кадрларды дайындайды,санитарлы-техникалық жүйені жабдықтау құрылыс өңдеу жұмысының шебері.Сылақшы,әрлеуші газэлектрдәнекерлеуші жарықтандыру жүйелерін монтаждаушы .Қазіргі уақытта колледж түлектері жұмысқа 100 пайыз орналасады.Мынандай жұмыс бағыттары септігін тигізеді:
1. Кадрлар даярлаудың сапасы
2. Инженерлік – педагогикалық ұжымның жоғары деңгейдегі дайындығы
3. Кәсіби даярлауда әлеуметтік әріптестердің қатысуы, кәсіби даярлау, оның ішінде шетелдік серіктестер:

Кадрлардың анықтау қажеттілігі (қандай, қанша)
Бірлесіп жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестермен колледж базасында 3 Ресурстық орталық құрылды, оның ішінде 2 орталық шетелдік серіктестер қаржысына ұйымдастырылды
Каркасты қаптау құрылғысын монтаждау "Кнауф Гипс Қапшағай"мен бірлесіп ұйымдастырылды
Bosch неміс компаниясымен бірлесіп Bosch электр-құралдар ресурстық орталығы ашылды Жұмысқа орналастыру және тәжірбие базасын анықтау
4. Жабдықтаудың жоғары деңгейін оның оқу – материалдық базасын колледжде жаңарту
5. Республикалық және халықаралық кәсіби байқаулар, мастер-класс және семинарлар,оқу орындарының жетекшілеріне арналған конференциялар,өндірістік –оқыту шеберлері мен ,арнайы пән оқытушыларына семинарлар ұйымдастырылады. Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру келісім-шарты 27 ірі құрылыс компаниялармен, энергетика, көлік, коммуникация салалары сияқты ЖШС "Алматы жиһаз фабрикасы", "СК Базис-А" ЖШС, "УПК Казэлектромонтаж" АҚ, "Белкамит" БК "АҚ," Ырысты-АЭВРЗ" ЖК "Довгонюк", "ЖК Турсунова А. Н.", ЖШС "НурСтройСервис" ЖШС, "Нұр-АсылGroup" ЖШС, "Жанкел", "ЖК Саидова" ЖШС, "Apple city Warehous" ЖШС, "Adis and Elicon - 6", Алматыэлектротранс" КМК "ЖШС, AriSViVenti", ПФ Электросервис т.б.



Колледж туралы бейнеролик

Шығарылатын өнім


Бізбен байланыс

Мекен жайымыз:
Алматы қ,Саин көш.32
Тел: 8(727)2301852,2301765
Факс:8(727)2301727
Индекс: 050062
E-mail: ps_10almaty@mail.ru