• Рахметжанова Гулмария Бағашарқызы

       2004-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 050111 – информатика мұғалімі мамандығын бітірді. Еңбек жолын 2008-2017 жылдары Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде информатика пәні оқытушысы болып бастады. 2017-2020 жылдары Астана гуманитарлық колледжінде колледж әдіскер лауазымын атқарды. 2020-2021 жылдары Алматы құрылыс-техникалық колледжінде әдіскері лауазымын атқарып, 2022 жылдан бастап, қазіргі уақытта директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. 

       Рахметжанова Гулмария Бағашарқызы 2015 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына «Информатика» пәні бойынша оқу үлгілік бағдарламасын дайындаған.

       2020 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына «Информатика» пәні бойынша оқу үлгілік бағдарламасын әзірлеген.

×