• Колледждің миссиясы

    Колледж миссиясы: оқу орны қызметінің тиімділігін арттыру және республиканың құрылыс, жиһаз, энергетикалық және көлік секторы саласындағы мамандардың бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие, жаһанданудың заманауи процестеріне сай жауап беретін және таңдаған кәсіби қызмет саласында көшбасшы болуға қабілетті мамандар дайындау.

    «Экологиялық айлық» шеңберінде «Қала күні» мерекесінің аясында Ауэзов ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 28 қыркүйегі сағат 09:00де Сайран көлінің жағалауында санитарлық тазарту бойынша Taza Almaty экоакциясына негізделген сенбілік өткізілді. Жалпы осы шараға негізделген сенбілік өткізудің мақсаты Сайран көлінің аумағында тазалықты сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады. Іс-шара аудан тұрғындарының табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға, халық арасында ауданда орналасқан демалыс орталықтарында тазалықты қолдауды және қоқысты дұрыс пайдалануды тәрбиелеуге бағыттылады.

    «Қауіпсіздік білім ордасы» республикалық онкүндігін өткізу тұжырымдамасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарын қамту қажет деп санаймыз.

     Колледждің 2017-2022 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын орындай отырып, «Алматы құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК 2019 жылдың 17-21 маусымы аралығында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтуде. Сынақтың бұл түрін Қазақстанның Ұлттық аккредиттеу орталығы жүргізеді.

×