• 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізілді.
    Кездесуде Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, профессор Затов Қайрат Айтбекұлы сөз сөйледі. Сарапшы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
    Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, Спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті.
    Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Аталған іс-шара тиісті деңгейде өтті, тыңдаушылар риза болды.

    10.09.2021 жылы Алматы құрылыс-техникалық колледжінің «BOLASHAK» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының 2021-2022 оқу жылына арналған бірінші отырысы өтті.

    Жиын барысында ұйым президенті – Түлеш Ұлжалғас жаңа оқу жылының жоспарымен таныстырып, студенттер арасынан ұйым мүшелерін жаңартып тағайындады. Сонымен қатар, колледж беделін арттыру мақсатында ұйым мүшелеріне төмендегідей міндеттер жүктелді:

    • Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге көмектесу;
    • Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына көмектесу;
    • Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
    • Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
    • Студенттердің колледж өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
    • Колледжде жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» ахуалын қалыптастыру;
    • Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

    Жастарымыз рухты, дені сау, мәдениетті болып дамуына келешекте біздің Студенттік ұйымның мүшелері өз үлестерін қосады деп ойлаймыз. Іске сәт!

    АҚТК 1 курс студенттері!
    Сіздің тобыңыз белсенді, ұйымшыл, көңілді ме?
    Онда әншілер, бишілер, музыканттар бар ма?
    Мүмкін сіз жарқын және креативті шығарсыз?
    Онда бұл байқау Сіз үшін!

    🚩 Акт залы
    🕝 13:30

    ❗ Жақсы көңіл-күймен келіңіздер!

    1 қыркүйек Білім күні Алматы құрылыс-техникалық колледжінде білім алушылар үшін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаты өтті.
    Ашық тәрбие сағаттың мақсаттары:
    1. Студенттердің патриотизмін тәрбиелеу, азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
    2. Туған елдің тарихына деген қызығушылықты арттыру.
    3. Азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, жастар ортасына толеранттылық идеяларын ілгерілету, ел өміріне қатыстылық сезімін тәрбиелеу.

     20.08.2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сулейменова Жұлдыз Досбергеновна және қалалық мәслихат депутаты Булекбаева Райхан Чантовна, Алматы қаласы білім басқармасының өкілдерімен бірге Алматы құрылыс-техникалық колледжіне жұмыс сапарымен келді. Колледж шеберханаларында қонақтарға «Жас Маман» жобасын жүзеге асыру аясында келесі мамандықтар бойынша сатып алынған жабдықтар назарларына ұсынылды:

    — Жиһаз өндірісі; 

    — Дәнекерлеу ісі;

     -Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану.

     Бүгінгі күні Алматы құрылыс-техникалық колледжі бірегей жабдықталған,  құрылыс және жиһаз жасау саласындағы өндірістік процесті құруға толықтай мүмкіндік береді. Колледж оқытушылары  құрал-жабдықтардың  жұмыс берушілер талаптарына толық жауап беретінін атап өтіп, оқытудың заманауи траекториясын құруға жаңа мүмкіндіктер тудыратынына сенімді.

    25-26 маусымда «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша бітіруші топтардың білім алушылары WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан түрінде мемлекеттік емтихан тапсырды.

    Студенттер жақсы нәтижелер көрсетті. Аттестаттау комиссиясы білім алушылардың дайындығын жоғары бағалады.

    Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен АНАЛАР КҮНІ құтты болсын

    Мың жылдық тарихы бар көркем қала - Алматының туған күні құтты болсын!

    Қара шаңырағымызды көп жылдар бойы басқарған, ұлағатты ұстаз, колледжіміздің   құрметті директоры мәртебесін иеленуші - аса құрметті, Ысқақ Молдалімұлы! Сізді бүгінгі мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 65 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын  қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды. Мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын. Ізгі ниетпен, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ұжымы.🎉  

    14.08.2020

    «Nur Otan» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Н. төрағалығымен партия белсенділерімен онлайн конференция өткізілді.
    Өткен шараға аудандық ұйымдастыру комитеті, есеп комиссияларының мүшелері қатысты. Онлайн конференция кезінде партияішілік сайлау-праймериздің өткізу ережелері түсіндірілді және ұйымдастыру комитеті және есеп комиссиясының негізгі қызметтері түсіндірілді.
    Еске салсақ, праймериз ережесіне сәйкес 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтетін іріктеуге жасы 25-ке толған кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Егер Nur Otan мүшесі болмаса, партия қатарына қосылып, праймеризге қатысушы ретінде тіркелуіне болады.

    03.08.2020

    Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты волонтерларадан келіп түскен ұсынысты ескере отырып, біз - Алматы құрылыс-техникалық колледжінің ұжымы коронавирустық инфекциямен күресуден тысқары қалмадық. Колледж әкімшілігі Алматы қаласының денсаулық сақтау басқарамасымен хабарласып, құймаларға арналған штативтердің тапшы екенін анықтады. Колледж ұжымы ақылдаса келе өндірістік оқыту шеберлерінің көмегімен 100 штатив жасап, оларды жергілікті провизорлық орталықтарға таратты. Біз ел болып осы ауруды жеңіп, жақын арада қалыпты өмірге оралатынымызға сенімдіміз.
    #AQTK
    #бізбіргеміз
    #дәрігерлергемыңалғыс

    13.03.2020

    03.03.2020

    24.02.2020

    Абай Құнанбайұлының биыл 175 жылдығы екені баршамызға мәлім. Мемлекет деңгейінде әр түрлі шаралар өтіп жатыр. Біз де жастарға Ұлы ақынның тәлімін дәріптеу мақсатында ағымдағы аптаны-"Абай апталығы" деп жариялап отырмыз. Апталық жоспары бойынша:
    26 ақпан-"Абайды оқы, таңырқа" атты кітап көрмесі.
    27 ақпан-"Абай-дара, Абай дана қазақта" атты шығарма, эссе жазу күні.
    28 ақпан-"Сен де бір кірпіш дүниеге..." атты қалалық байқауымен аяқталды.

    21.02.2020

    Алматы құрылыс-техникалық колледжінде Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Кенебай Жұмаш Айтжұманұлымен (Жұмаш Көкбөрі) кездесу өтті. <<Сен де бір кірпіш дүниеге...>> атты кешіміздің қонағы болған Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері өлеңмен жазылған <<Аягөз>> атты тарихи романның, <<Зобалаң>> дастанының авторы, <<Түрік даналары>> атты 40 жуық телебағдарламаларының авторы қызметін де атқарған белгілі тележурналист.
    Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште жастар ақын өмірі мен шығармашылығы, адами болмысы рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын жастар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерімен рухани сусындады.

    20.02.2020

    "15 ақпан - Ауған жерінен әскерлердің шығарылуына" орай, жастар мен жасөспірімдердің патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін ояту мақсатында, Ауған соғысының ардагерлері Қазақбай Ертышбаев және Қайрат Медиевпен кездесу өткіздік. Қонақтар біздің жастарға өнеге әңгімелерін айтып, еліміздің болашағы-келесі буынға деген ізгі ілтипаттары мен зор сенімдерін білдірді. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерен үлгісін көрсеткен каһарман жерлестерімізбен бүгін де мақтанамыз!

    14.02.2020

    Бүгін аудандық "Jas Skills Auezov2020" чемпионаты мәресіне жетіп, жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті! Барлық қатысушылар жан жақты дайындалып, шеберліктерін көрсетті. Дегенімен сайыстың шарты бойынша солардың ішінен ең үздіктері озып шықты. Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, Аймақтық, Республикалық және Әлемдік WORLDSKILLS чемпионаттарында жеңіске жетулеріне тілектеспіз!

    13.02.2020

    "Jas Skills Auezov 2020" Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен, үстіміздегі жылдың 13-14 ақпанында өтетін, "Еріктілер жылына" орайластырылған WORLDSKILLS стандарттары бойынша бірінші аудандық "Jas Skills Auezov 2020" кәсіби шеберліктер чемпионаты ресми түрде ашылды!
    Чемпионат 16 құзіреттілік бойынша өтеді. Оған 88 қатысушы, 30 сарапшы, 12 техникалық сарапшы және 88 компатриот қатысады. "Jas Skills Auezov 2020" додасына қатысушыларға сәттілік тілейміз!

    07.02.2020

    Бүгін Кнауф Гипс Капчагай оқыту орталығының басшысы Олег Сотниковтың шақыруымен біздің колледждің директоры Бектұрған Ахметов зауытта болды. Зауытқа экскурсия жүргізіліп, жаңа бірлескен жобалар да талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, бұл компания біздің әлеуметтік серіктесіміз және АҚТК базасында Knauf Гипс Капчагай ресурстық орталығы орналасқан.

    05.02.2020

    Бүгін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде ТжКБ ұйымының өкілдерімен семинар өтті. Кездесу <<Педагог мәртебесі туралы>> Заңды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Сүлейменова Гүлнар Жалелқызы және АҚТК директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жалилов Азиз Авдунович сөз сөйледі. Қатысушыларға заңның барлық баптары түсіндірілді және қызығушылық тудырған сұрақтарға барлық жауаптар берілді.

    02.02.2020

    Осы демалыста АСТК-да "Денсаулық күні" ұйымдастырылды. Мұғалімдер мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған 4 топ эстафетаның 9 түрінен өткен жарысқа қатысты. Ойын өте тартысты болып, жүлдегерлер келесі тізім бойынша анықталды:

    Гран-при - "Көк бөрі" командасы
    1 орын - "Комета"
    2 орын - "Қырандар"
    3 орын - "Форсаж" иеленді

    Колледж әкімшілігі қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта ұжымдық рухты нығайту үшін осындай шараларды өткізуді әдетке айналдыратынына сенімді!

    31.01.2020

    27 қаңтар Ленинградтың қоршаудан босаған күні. Фашистік Германияның қысымына ерекше қайсарлықпен төтеп берген ленинградтықтардың ерлігі келер ұрпақтың жадында және тарих беттерінде мәңгілік қалмақ. Осыған орай Әуезов ауданы әкімдігінің бастауымен бүгін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде Ленинград қоршауының куәгерлері сол кездегі жас балалар, қазіргі қарияларымызбен кездесу ұйымдастырдық.

    30.01.2020

    Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры Бектұрған Ахметов 2020 жылғы колледж ішілік World Skills чемпионатын ашық деп жариялады. "Бай болғың келсе кәсіпті үйрен"- деп, Абай атамыз айтып өткендей біздің дарынды студенттеріміз бүгін өздерінің қас шебер екендіктерін дәлелдеуде. Өздеріңіз білетіндей, сайыскерлер 13 құзыреттілік бойынша бағын сынап жатыр. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

    21.01.2020

    Ағымдағы жылдың 21 және 22 қаңтарында біздің колледжде бірінші курс студенттері арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Командалар бірінші жеңілістен кейін қатысушы турнирден шығарылатын олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Бұл жеңімпазды тезірек анықтауға мүмкіндік береді және турнирдегі күрестің тартысты өтуіне себеп болады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша № 29, 35 және 37 топтар финалға шықты, олар:

    1- орын №37 топ
    2 - орын №35 топ
    3 - орын №29 топ

    Біз жеңіске жеткен топтарды шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

    20.01.2020

    Бүгін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде өндірістік оқыту шеберлеріне арналған <<Жасөспірімдер арасындағы қорлау, қылмыстық және өзіне-өзі зиян келтіру әрекеттерінің алдын алу>> тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оны <<Адам факторы консалтинг>> компаниясының негізін қалаушы, бизнес-жаттықтырушы Дана Фербер біздің колледждің психологы мен оқытушысы Байғонысова Динараның шақыруымен өткізді. Семинардың мақсаты студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара түсінушілікті және сенімді нығайту.

    13.01.2020

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығының талаптарына сәйкес Алматы құрылыс-техникалық колледжінде өндірістік оқыту шеберлері мен мұғалімдерге екінші біліктілік санатын беруге қатысты аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. Колледж директоры басқаратын сертификаттау комиссиясы әр мұғалім мен өндірістік оқыту шебері жасаған жұмыстардың нәтижелерін жоғары бағалады!

    19.12.2019

    <<ҚР колледждерінің ТОП-100 студенттері>> жобасы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталынып, тізімі жарияланған болатын. Естеріңізге сала кетейік жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларының құзыреттіліктерін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру мақсатында, колледждердің 100 үздік студенттерін танымалдыққа, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған. Бүгін жобаның соңғы кезеңі TVET AWARDS жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Осы жобаға қатысып еліміздің колледждерінің ТОП 100 студенттерінің қатарына кірген, АҚТК-нің 3-ші курс студенті Найманбаев Нұрсұлтан өндірістік оқыту шебері Шатенов Даниярмен бірге марапаттау рәсіміне қатысты. Біз Нұрсұлтанды шын жүректен құттықтап, болашақта биік асуларды бағындыруына тілектеспіз!!

    ҚР-ның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу

      2018 жылдың желтоқсан айында біздің базамызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесу өтті, онда Премьер-Министр жұмысшы кадрларды даярлау деңгейімен танысты, сондай-ақ осы мәселе бойынша кеңес өткізді.

      Кездесу барысында Премьер-Министр «ғимараттар мен үймәреттердің құрылысы» мамандығы бойынша теориялық оқыту кабинетімен және біздің колледждің базасында орналасқан Кнауф ресурстық орталығымен танысты. Кеңеске ҚР Білім және ғылым министрі, Алматы қаласы Білім басқармасының басшылық құрамы, Алматы қаласы колледждерінің директорлары, колледждің әлеуметтік серіктестері, Алматы қаласы Атамекен ҰКП өкілдері қатысты.

      Кездесу барысында техникалық мамандықтардың кәсіби кадрларын даярлаудың, цифрландыруды дамытудың, колледждердің беделін арттыруды ескере отырып, қызметкерлерді қайта оқытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ еңбек нарығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды. Кездесуге қатысушылар ел экономикасын дамыту үшін жаңа зауыттар құрылысы және инвестиция тартумен қатар, білікті кадрлар дайындау қажеттігін атап өтті. Біздің колледж әлемдегі құрылыс материалдарының ең ірі өндірушілері КНАУФ халықаралық компаниясымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. КНАУФ ресурстық орталығы колледж базасында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Студенттерді ресурстық орталықта оқыту біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Тұрғын үй, кеңсе және коттедждер құрылысының қарқыны өсіп келе жатқандықтан, еуро жөндеу және үй-жайларды сапалы әрлеу саласындағы мамандар құрылыс нарығында әрқашан сұранысқа ие. Студенттер өз пәтерін немесе үйлерін жөндеу, қабырғалары мен төбелерін сапалы туралау, сондай-ақ мамандық бойынша кәсіби жұмыспен айналысу, өз ісін ашу үшін алған білімдерін қолдана алады. Ресурстық орталықтың тыңдаушылары қажетті теориялық білім мен жоғары сапалы құрылыс материалдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын ала алады. КНАУФ базасында өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары біліктілігін арттыра алатын қысқа мерзімді курстар жүргізілуде. Біздің колледждің базасында КНАУФ технологиялары бойынша құзыреттілік орталық ашу жоспарланып отыр.

×