•  Валитова Магдаш Тауфиковна 1954 жылы 18 ақпан күні дүниеге келген. Туып өскен жері Шығыс Қазақстан обылысы, Риддер қаласы. 1974 жылы Өскемен мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдады. 47 жыл бойы педагогикалық жұмыс барысында Магдаш Тауфиковна білім берудің барлық саласында: тәрбиеші, пионер жетекшісі, мектепте ұстаз, университетте және кәсіптік техникалық білім беруде мұғалім болып жұмыс істеді. 70-жылдардың соңында ол радиожурналист, 90-жылдары аудандық білім бөлімінде, кәсіподақта жұмыс істеді. 

     2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде жұмыс істеп келеді. 

     1994 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының «Ұстаз» орденімен, «2021 жылы 100 жаңа педагог есімі» медалімен, бірнеше рет Алматы Білім Басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.                                          Ұстаздың еңбегі өшпес мұра, ұстаздан шәкіртке дарыған өнер, шәкіртке барып қонады. «ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ».

     Басшыбаева Ажар Жақашқызы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Ақкөл совхозында дүниеге келген.

     Қаскелең педагогикалық училищесінде  – тәрбиеші-педагог, ҚазҰлтҚызПУ-да  «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» мамандығы бойынша білімін жетілдірген. 

     Алматы құрылыс-техникалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы ретінде 2004 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін қызмет етуде. Жалпы еңбек өтілі – 33  жыл.

     Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз рухани-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін: 

    — «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының жеңімпаздарын дайындап, өскелең ұрпақтың шығармашылығын дамытуға,олардың қабілеттерін ашуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы;

    — «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбында шығармашылық жобалардың Республикалық интернет-байқауының жеңімпазы;

    — Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының  ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл үздіктері – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы;

    — Қоғамдық-саяси, мәдени бағытта Республикалық кәсіптік білім беру жүйесінде қолданыстағы оқулықтың қазақ тілі аудармасының редакторы;

    — Алматы Білім басқармасы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты  қалалық эссе байқауында 1 орын;

    — «Нұр Отан» партиясы, «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының  құрмет грамотасының бірнеше мәрте иегері;

     Ұстаздың еңбегі өшпес мұра, ұстаздан шәкіртке дарыған өнер, шәкіртке барып қонады. «ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ».

     

     Омаров Берікқан Сембайұлы 1967 жылы 25 наурыз күні дүниеге келген. Туып өскен жері Семей облысы, Жарма ауданы, Қапан – бұлақ темір жол бекеті. 1991 жылы   Талдықорған индустриалды – педагогикалық техникумды және 2015 жылы Қазақ қатынас жолдар университетін тәмамдаған.1997 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін   Алматы құрылыс-техникалық колледжінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында 12-топты мамандыққа үйретіп, шәкірттері еңбек нарығына жолдама алды. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл.2001 жылы қала бойынша үздік өндірістік оқыту шеберлер сайысына қатысып «Үздік өндірістік оқыту шебері сайысының лауреаты» атанды. 2019 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкер белгісімен марапатталды. 

     Матеева Жеңіскүл Берлебайқызы 1965 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Туып өскен жері Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Өтеген батыр ауылы.

     1991 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің физика пәнінің оқытушысы мамандығын тәмамдаған.

     2001 жылдың 1 қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде жұмыс істеп келеді. АҚТК қабырғасында жұмыс жасағалы 6 топқа жетекшілік етіп, биылғы оқу жылында 7 – ші топқа жетекшісі болды. Осы уақыт ішінде жетекшілік еткен топтағы көптеген студенттері жоғары оқу орындарын бітіріп, әртүрлі салада еңбек етуде. Жалпы еңбек өтілі 25 жыл.

     Колледж қабырғасында жасаған әдістемелік құралдары:

    1.Зертханалық жұмыстар жиынтығы;
    2.Әдіс-тәсілдер жиынтығы;
    3.Бақылау жұмысы мен тесттік жұмыстар жиынтығы.

      Саутбаева Алма Измагзановна 1955 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Туып өскен жері СҚО, Қызылжар ауданы, Кривезёрка ауылы. 1979 жылы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын бітірген.

      2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде жұмыс атқарып келеді.

      Жалпы еңбек өтілі — 42 жыл.
      Еліміздің өркендеп дамуының тұрақтануы жолындағы атқарған белсенді де тәжірибелі еңбектері үшін Елбасының алғыс хатымен;

      Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

      Есдаулетова Салтанат Болатқызы Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.

      1987 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын және 2007 жылы Алматы педагогикалық академиясын бітірген.

      2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы құрылыс-техникалық колледжінде жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 41 жыл.
    Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Жаңарған білім беру жүйесі: бәсекеге қабілетті педагог» атты І республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына ұсынған жұмыстары үздік деп танылған.

      Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік педагогтер» академиясының толық мүшесі болып қабылданды және белгіше мен куәлік берілді.

×